|
24.05.2023 | 00:50
2155

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында екі ел басшысы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті Акорда

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир