Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

park72.ru
park72.ru
Бірнеше облыста өрт қаупі сақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірқатар облысында 24 мамырда ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қарағанды облысы

24-25 мамырда Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

24-25 мамырда Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

24 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

24 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Орал қ.: 24 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Жетісу облысы

24 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 

Талдықорған қ.: 24 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

24 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

24 мамырда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы

24 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

24 мамырда Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысы

24 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысы

24 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

24 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Шымкент қ.: 24 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан қ.: 24 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

24 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 24 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

24 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. 

Алматы қ: 24 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.

Новости партнеров