|
22.01.2021 | 08:43

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды  Primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.   

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.  

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 

2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 

2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 

2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 

2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы. 

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Bólisý


Janalyqtar tizbegi

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!