|
17.08.2022 | 09:16
3609

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кездесті

Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің тізіміне кіреді

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды.

Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің тізіміне кіреді. Алматы қаласы мен Қытай арасындағы тауар айналымы жедел қарқынмен өсуде. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымы 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға артып, 2 млрд 850 млн АҚШ долларын құрады.

Бүгінде Алматыда Қытай капиталының қатысуымен 898 кәсіпорын жұмыс істейді. Үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар шығаратын зауыт бірлескен маңызды жобалардың бірі болды. Оны іске қосу нәтижесінде 2021 жылы 300-ден астам жұмыс орны құрылды. Инвестиция көлемі 33 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Индустриалды аймақта радиаторлар өндіру бойынша тағы бір инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 11,6 млрд теңгені құрайды, 430 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы Алматы қаласының Сычуань провинциясымен ынтымақтастық туралы жасалған меморандумды ескере отырып, Қытай инвесторларын ғылым мен білім саласында және сауда-экономикалық, мәдени қатынастарды жандандыруға кеңінен тарту ұсынылды.

Жаңа технологияларды дамыту, цифрландыру жұмыстары аясында өткен жылдың желтоқсан айында Алматы мен Шэньчжэнь қалалары арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Ағымдағы жоспарларда екі қаланың жергілікті ИТ-бизнесін қолдау үшін өзара преференциялар құрылады және Smart City цифрландырудың инфрақұрылымдық жобаларын енгізу бойынша әдіснама  жасалады.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытатын айтарлықтай әлеует пен перспективалық бағыттарды атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир