Назарбаев Бейжіңдегі халықаралық форумға қатысуда

26.04.2019 19:51

Онда 37 мемлекеттің басшылары кездеседі деп жоспарланып отыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумның ашылу салтанатына қатысуда, деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттер парақшасына.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумның ашылу салтанатына қатысуда», - делінген жазбада.

Айта кетейік, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы Бейжіңде 25-27 сәуір аралығында өтеді. Онда 37 мемлекеттің басшылары кездеседі деп жоспарланып отыр.