Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2-қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды. pic.twitter.com/D7ABQn0IZ6
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) August 26, 2019