Күдіктілер 20, 34 және 35 жаста
Атырауда тәртіп сақшылары үш адамды ұстады. Олар кәмелетке толмағандарды зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды stan.kz.
Күдіктілер 20, 34 және 35 жаста. Соттың шешімімен ер адамдар қамауға алынды. Оларға кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылған.
Мәліметке сүйенсек, кемінде екі құрбан болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл іс бақылауға алынды», - деді облыстық прокуратура.