Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімін ұзартты

28.12.2020 14:35

2019 жылы жарияланған мораторий 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады

avesta-news.kz


Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға арналған мораторий мерзімі ұзартылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мараторийдің мерзімі осы жылдың соңында аяқталуы тиіс еді. 

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының басында "Алтын сапа" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы экономиканы өркендету үшін нақты бәсекелестікті дамыту және әрбір кәсіпкер үшін шын мәнінде тең мүмкіндіктер жасау қажеттігін атап өткен болатын.