Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз – 2019 жылы 17 маусым аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған болатын.