Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақ халқынан кешірім сұрады

photo: grozny.tv
photo: grozny.tv
Рамзан Қадыров бауырлас болып қалуға, бір-бірімізге құрмет көрсетуге шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақ халқына тіл тигізгені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешірім видеосын Қадыров өзінің telegram-арнасында жариялады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! «Рамзан қазақ халқы туралы айтты» дегендерге қатты ренжідім. Сендерге қарағанда менің қазақилық деңгейім жоғары. Менің әкем Қазақстанда дүниеге келген. Менің атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен өмірімде қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан емеспін. Мен жалпы саясатты айтып отырмын», — деді Рамзан Қадыров.

Ол өзінің сөздерінен «саясат» жасамауға өтінді.

«Мен қазақ халқын өте жақсы көремін. Мен өте ризамын. Жалғыз мен емес, бүкіл шешендер, қазір жоқ ата-бабаларымыз да риза. Біз қазақ халқына қашан да алғыс айтып, бірге болдық», — дейді Шешенстан басшысы.

Рамзан Қадыров бауырлас болып қалуға, бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсетуге шақырды.

«Қазақстан мен Сібірде бізді мүмкіндігімізге қарай, барынша қабылдады. Ендеше, ағайындық қарым-қатынасымыз нығайып, біз бір-бірімізді қолдайық», - деп түйіндеді Қадыров.

Новости партнеров