Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Сағынтаев Алматы қаласының әкімі жаңа қызметіне кірісе отырып, қала тұрғындары алдындағы зор жауапкершілігін сезінетінін айтты.
«Құрметті алматылықтар! Алматы – әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала – менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз, қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Қаланың проблемалары мен даму стратегияларын сіздермен ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік», – деді Алматы әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, Бақытжан Сағынтаев 28 маусым күні Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) 30 Июн 2019 в 8:04 PDT