Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры. Жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды.
Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.