Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі Youtube хостингінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай БАҚ өкілдеріне берген сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Журналистермен сұхбат Елбасының «Бір белдеу, бір жол» атты Бейжіңде өткен форум аясында ҚХР-ға барған сапары кезінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев «Синьхуа» және «China News Service» ақпараттық агенттіктері, CCTV телеарнасының, «Жэньмин Жибао» газеті және Қытайдың Орталық радиосы мен «Хуанцю шибао» басылымы тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.