Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда өтеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - делінген мәжілістің сайтында жарияланған өкімде.
Бұдан бұрын Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді. Күн тәртібінде екі мәселе болды – елдегі Конституция заңның сақталуы және 2018 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі.
Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдегендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы қайта қарап, адамның ар-намысына қол сұқпау және жекеменшік құқығы кепілдігін нығайту қажет.
Сонымен бірге Мәми мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс Президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін айтты.