Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді.
- Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды, - делінген хабарламада.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Оқи отыроыңыз:ШЫҰ саммиті: 25 құжатқа қол қойылды