Жер шетелдіктерге сатылмайды - Тоқаев

22.05.2019 15:15

фото из открытых источников

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жері шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. 

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл - менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!», - деп жазған баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіріп. 

Президент Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеген.