Облыс әкімі Болат Бақауов Павлодардың жаңа әкімін таныстырды
Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Облыс әкімі Болат Бақауов Павлодардың жаңа әкімін таныстырды. Қайрат Нүкенов Әнуар Күмпекеевтің орнына келіп отыр.
Еске салайық, 3 шілдеде Болат Бақауов Күмпекеевке қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеген еді. Оның әкімдікке құны 6 миллион теңге болатын жиһаз сатып алғаны айтылған болатын. Сондай-ақ, Әнуар Күмпекеев былтыр 49 миллион теңгеге қызметтік пәтер алғаны үшін сөгіс алған еді.