|
26.02.2019 | 12:57
5101

Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы: министрлер ант берді

Он минутқа ғана созылған жиында министрлер кабинетінің басшысы алдағы жұмыс жоспарын айқындап берді

Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы: министрлер ант берді Sputnik Казахстан

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминның басшылығымен Үкіметтің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Он минутқа ғана созылған жиында министрлер кабинетінің басшысы алдағы жұмыс жоспарын айқындап берді. Ол нақты екпін халықтың әл-ауқатын арттыруға салынатынын ескертті. Асқар Мамин Елбасы артқан жауапкершілік пен үлкен сенімді ақтауымыз керек деді.  

«Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Отырыс барысында ведомствоға жауапты басшылар таныстырылып, кеше тағайындалғандары халық алдында ант берді.

Басқосудан киін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиновадан журналистер алдағы жоспарын сұрады. Алайда, ол міндетіне енді кіріскендіктен, жауабын кейінге қалдырды.

«Бұл сұраққа қысқа уақыт аралығында жауап бере қою қиын. Қазіргі қарқынмен жұмыс істей береміз. Алдымен жұмысқа кірісіп алайық, содан соң сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беремін», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир