Мемлекет басшысы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті телефон арқылы сөйлесті
akorda.kz
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берді. Осы ретте Қазақстан Президентінің жақында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Екі ел басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34