Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

19.11.2021 15:23

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді

azh.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. 

«Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр», – деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.