Ол 2019 жылдың наурыз айынан бастап Президенттің көмекшісі болып жұмыс істеген
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлық мәтінінде.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998).
1998-1999 жылдары - СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.
2003-2004 жылдары - СІМ Азия және Африка департаментінің 2-хатшысы.
2004-2006 жылдары - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы-Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
Сонымен қатар 2007 жылы Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2007-2011 жылдары - Парламент Сенаты аппаратының басшысы.
2011 жылы-Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
Сондай-ақ 2011 жылы - СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары - Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) ҚРҮҚ кеңесші-уәкілі.
2014-2016 жылдары - Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019 жылдың наурыз айынан бастап Президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді.