|
17.05.2019 | 10:29
4345

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Президент 1953 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазақстанның екінші Президенті 1953 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген.

1975 жылы Мәскеудегі мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1992 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстанның Тәуелсіздігіне дейін КСРО Сыртқы істер министрлігі мен Одақтың елшіліктерінде жұмыс істеген.

1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылдың қазанына дейін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары, 1994-тен 1999-ға дейін елдің Сыртқы істер министрі болды.

2011 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қазанына дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып, БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық бөлімін басқарды.

2013 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың наурызына дейін ҚР Парламент Сенатының төрағасы болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир