Елбасы Қазақстанды дүниежүзі бойынша жедел дамыған елдердің қатарында енгізді

elbasy.kz
elbasy.kz
Одан өзге Назарбаев білім саласына да баса назар аударуды негізге алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1990 жылдың сәуірі – Қазақстан тарихындағы айтулы кезең. Дәл осы уақытта Кеңестік империя жойылып, жаңа белес басталды. Тәуелсіз мемлекет болудың даңғыл жолында тұрған Қазақ ССР-ін басқаратын президент керек болды. Сөйтіп, заң бойынша Орталық компартияның бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев тағайындалды. Осы кезден бастап көшбасшылық ғұмырындағы ең жауапты да, қиын кезеңдер басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ол кісі әрдайым сымбатты әрі әдемі, байланыс орната алатын, еңбекқор, әрдайым күлкісі жарқырап жүретін. Оның ешкімнің бетін қайтармайтын жақсы қасиеті бар. Оған келіп амандасқандардың барлығын: құшақтап, қолдарын алатын. Қарапайым жігіт, бірақ өте беделді», - деді Қазақ ССР-і Жоғарғы кеңесі Президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары, социалистік еңбек ері Вера СИДОРОВА

«Социалистік Еңбек ері» Вера Василийқызы сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевты жалындап тұрған сауатты басшы деп суреттейді. Одан өзге, Қазақ елін басқару үшін дұрыс шешім қабылдау мен көрегендік сынды  қасиеттер керек болатын. Мұның барлығы Елбасының бойынан табылды дейді. Осының арқасында 1991 жылдың бірінші желтоқсанында өткен тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауында Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.  

Тұңғыш Президент үшін іргетасы енді қаланған елдің экономикасын аяққа тұрғызу басты міндет болды. Елбасы ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді. Одан өзге Назарбаев білім саласына да баса назар аударуды негізге алды. 26 жыл бұрын Тұңғыш Президенттің қаулысымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бекітілді. Мұндағы мақсат – елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау.  

«26 жыл бойы 13 мыңдай түлекті ұшырған бұл бағдарламаның қазір нәтижесін көріп отырмыз. Елімізде мықты менеджерлар легі келіп жатыр. Интелектуалдық элитаны өсіруде, мәдени элитаны, саяси еліміздің әр саласында өзінің үлесін қосып жүрген жастарды өсірді», - деді «Болашақ» стипендиясының түлегі Исатай МИНУАРОВ

1995 жылдың бірінші наурызы да қазақ тарихында айшықты оқиғамен тарих бетінде қалды. Елбасы Қазақстан халықтары ассамблеясын құрды. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.

«Менің тұңғыш президентке алғысым шексіз. Біз қазір тұрақтылықты ту еткен жалғыз елміз. Біршама кезеңдер болды. Оның ішінде еліміз құлдырауға шақ қалған тұстары да бар. Алайда, оның барлығын еңсеріп, аз уақыттың ішінде аяққа тұрдық. Бұл дегеніміз - патриоттық сезімнің болуы. Біз үшін бұл үлкен бақыт. Өз іргеміз қаланып, көпұлтты ел болып, өз жұмысымызды өзіміз жүргізетін шаққа жеттік», - деді КСРО және ҚР Халық әртісі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Президенттің алдында Қазақстанды әлем мойындаған мемлекетке айналдыру ең үлкен мақсат болды. Әрине, ол осы мақсатқа жетті. Оның қолынан келді. Ол үшін халықты ауызбірлікке шақырды. Бұл өмірлік ұстанымына айналды. Сондықтан болар Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлыстар тату тәтті өмір сүреді», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Олег ЛИ.

Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру де - ел тарихында маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде Президенттің бұл шешіміне көпшілік күмәнмен қараған. Десе де уақыт барлығын өз орнына қойды. Бүгінде бұл ұлы державалардың көшбасшылары жыл сайын жаһандық мәселелерді шешу үшін бас қосатын ерекше алаңға айналды. Нұрсұлтан Назарбаев жиі айтатыны: «Тәуелсіздік тарихы Қазақстанның ғарышкерлік тарихынан басталады». 1991 жылдың тамызында «Байқоңыр» ғарыш айлағы қазақ елінің меншігінде екендігі ресми айтылды. Осы жылдың күзінде тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Сол жылдардағы қиындыққа қарамастан Тұңғыш Президент «Байқоңырды» өз бақылауына алды.  

«Мен 2003 жылы ғарышкерлерді дайындайтын орталыққа жіберілдім. Сол кезден бастап Елбасының бізге деген жанашырлығын көрдім. Тығыз жұмыс кетесі тығыз болса да, ғарыш саласында ден қойып отыратын. Тіпті, мен «Байқоңырдан» ұшатын кезде өзі келіп менімен сөйлескенде қуанышымда шек болмады. Елдегі ғарыш саласының дамуында Елбасының ерен еңбегін айтпасқа болмайды», - деді «Қазақстанның Халық қаһарманы», ғарышкер Айдын АЙЫМБЕТОВ.

Бұл ¬– Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік кезеңіндегі атқарған жұмыстарының бір парасы ғана. Елдегі тынышық, қандастардың тарихи Отанына оралуы, ішкі және сыртық экономикалық тұрақтылық, әлем басшыларымен келелі келісімдердің өтуі – сындарлы саясаттың жемісі дейді ел-жұрт.

Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров