Бүгін Түркістанда ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді

17.06.2023 15:30

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар лауазымды тұлғалар да қатысады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды, Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.