Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселе бойынша тиісті қаулыны қабылдады
Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарым Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңның 17-бабына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарымнан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселе бойынша тиісті қаулыны қабылдады.