Мемлекет басшысы Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады

09.08.2024 15:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.