Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

31.05.2023 16:35

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралайды

Ақорда

Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды