Қазақстанда облыс әкімі алғаш рет әйел адам болды

 Фото: total.kz
Фото: total.kz
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген Президент Жарлығында.

Ал Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Айтып өтсек, Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.

1987-1994 жылдары – Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау баскармасының аға инспекторы, бөлім бастығы;

1994-1995 жылдары – ҚР Жоғарғы кеңес комитетінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты;

1995-1996 жылдары – ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

1997-2003 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат департаментінде басқарма бастығы, директордың орынбасары, директоры;

2003-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2005-2006 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрайымы;

2006-2007 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2007-2008 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

2008-2009 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі – ҚР президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;

2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2012-2013 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі, ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;

2013 жылы – ҚР премьер-министрінің орынбасары;

2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Новости партнеров