Тоқаев баланың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

rep.ru
rep.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заң қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ әкімшілік бұзушылықтар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, неке және отбасы туралы кодекстерге түзетулерді қарастырады. Қылмыстық кодекске түзетулер бас бостандығынан айыру мерзімін ұлғайту жолымен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді.


Новости партнеров