Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтан қаласына келді

Sputnik
Sputnik
Қазақстан-Корея бизнес форумына екі елдің 300-ден астам іскері қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Корея республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан-Корея бизнес форумына екі елдің 300-ден астам іскері қатысады. Шара аясында цифрландыру, медицина және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобалардың көрмесі өтеді.

Мун Чжэ Иннің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапары аясында сотталғандарды алмасу сынды бірқатар келісім мен меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, серіктестіктің жаңартылған бағдарламасы қабылданады. Ол жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.  

Новости партнеров