Елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі басталды

t.me/KZgovernment
t.me/KZgovernment
Үкімет басшыларының кеңесінде бірқатар құжат қабылданады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кезекті кеңесі шағын құрамда басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтіп жатқан іс-шараға Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысып жатыр.

Кеңес барысында Үкімет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын, 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын өткізу жайын және өзге де өзекті мәселелерді талқыға салады.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда елордада ТМД-ға мүше елдер Президенттерінің кеңесі өткен болатын. Осы іс-шара қорытындысына орай өткен брифингіде ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев Үкімет басшыларының кеңесінде бірқатар құжат қабылданатынын айтқан еді.

«Ол отырыс барысында да біздің әріптестігімізді жетілдіріп, нығайтуға бағытталған бірқатар құжат қабылданады», - деген еді ол.

Новости партнеров