Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды
baq.kz
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.
Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды.
Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46