Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, кеше Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевты ҚР парламенті мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген.
«Осыған байланысты, депутаттық корпус атынан жаңадан сайланған әріптесімді құттықтаймын», - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ, Әлтаев Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірді.
Айта кетсек, экс-вице-министр бұған дейін мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің орнына келді.