Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов 1978 жылғы 5 сәуірде туған.
2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) тәмамдаған, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі.
Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.
1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының экономист-менеджері.
2002-2006 жылдары – Алматы қаласы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясының аға консультанты.
2006-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.
2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012-2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
2017 жылғы 31 наурыздан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2019 жылғы ақпан-наурыз – Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылғы наурыз-шілде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 жылғы 22 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.