|
18.11.2023 | 11:30
2766

Тоқаев Оман Сұлтандығын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Оман Сұлтандығын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады Сурет: Аkorda.kz/

2023 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 - Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, - делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир