Алматыда Еуразияның инновациялық экожүйесін құруға арналған форум басталды

Zakon.kz.
Zakon.kz.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Еуразияның инновациялық экожүйесіне арналған «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты форум басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев және өзге де ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер қатысуда. Олар Еуразияның біртұтас инновациялық экожүйесін құру және дамытуға арналған ортақ алаңында одаққа мүше елдердің технологиялық әлеуетін ашу мәселелерін талқылайтын болады.

Биылғы форумның спикерлері ең ірі IT-компаниялардың құрылтайшылары,  халықаралық ақпараттық технологиялық парктердің басшылары мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің технологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысады.

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан премьер-министрлері мен Армения вице-премьері және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессиясы өтеді. Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциялау перспективаларын талқылап, бірлескен инновациялық жобаларды құру, IT саласындағы жас мамандар менстартап-компанияларды қолдау және оларды ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибесімен алмасады.

Сонымен қатар, Форум бағдарламасында бес панельдік сессия ЕАЭО цифрлық күнтәртібі, инновациялық экожүйе, Индустрия 4.0, (БҰҰ өкілдерінің қатысуымен) тұрақты дамуға қол жеткізу және шағын орта бизнесті цифрландыруға арналады.

Форумның басты мақсаты – ЕАЭО елдерінің цифрлық экономикаларын дамытуды жеделдету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірлескен шараларды әзірлеу.

Форумды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастыруда.


Новости партнеров