Бұл туралы Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты
Қазақстан мен Конго әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс секторында ынтымақтастық орнатуға ниетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Оның атап өтуінше, Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Қазақстанға ресми сапары аясында сауытты машиналар жасайтын отандық зауытқа барады.
- Бұл - барынша алдыңғы қатарлы өндіріс ошағы. Әрине, біз әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс секторындағы кооперацияны үнемі қолдаймыз. Сондықтан да осы мақсатта аталған кәсіпорынды және Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешені жұмысындағы мүмкіндіктерін көрсетеміз, - деді Қанат Шарлапаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Бельгия королін құттықтады