Сенаттың жалпы отырысында Дариға Назарбаева қызметінен босаған бес судьяға алғыс айтты
Президенттің ұсынуы бойынша Жоғары сот судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін сенаттың жалпы отырысында Президенттің ұсынуы бойынша сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселе қаралды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Еліс Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғары сот судьясы қызметінен босатылды. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев және Моряк Шегенов отставкаға шықты.
Президент ұсынымын сенат депутаттары бірауыздан қолдады.
Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қызметінен босаған судьяларға ризашылық білдіріп, табыс тіледі.
«Басқа судьялық лауазымға тағайындалған және отставкаға шыққан судьяларға еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысы білдіреміз. Көп жылдар бойы сот саласында жинаған мол тәжірибелеріңізді жастармен бөліседі деп сенемін. Болашақта сіздерге мықты денсаулық, мол табыс тілеймін», - деді спикер.