Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Акорда
Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев Сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды. 

1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Тоқаев бас-аяғы он жыл Қазақстанның Сыртқы істер министрі болды (1994 – 1999, 2002 – 2007). Сыртқы саяси ведомствоның басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Бұрынғы дипломаттар Тоқаевты «Ел дипломаттарының жетекшісі, халықаралық дипломатияда салмағы бар тұлға» деп бағалайды.

2007-2011 жылдар аралығында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметін атқарды. 

2011 жылдың наурызында Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болып тағайындалды. 

2013 жылдың 16 қазанынан бері – Парламент Сенатының төрағасы. 

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.

Белгілі саясаткердің хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқиды.

Бұған қоса, өзі де тоғыз кітап пен халықаралық қатынас мәселелері туралы көптеген мақаланың және 10 кітаптың авторы.

Новости партнеров