Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
- Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады, - деп жазды Үкіметтің ресми сайты.
Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды