Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Ахметбековті қолдап 138 294 азаматтық қол жиналды, оның ішінде 135 506 қол рас деп танылды», - деді деп мәлімдеді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов.
Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат комиссияға ұсынылып, қойылған талаптарға толығымен сәйкес келді. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, Ахметбековке тиісті куәлік берілді.