Қазақстанға кімдерге кіруге тыйым салынған: СІМ персона нон грата тізімі туралы айтты

Almaty.tv
Almaty.tv

Елімізге қатысты теріс мәлімдемелер назардан тыс қалмайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдіктерден кімдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынған? Сыртқы істер министрлігі (СІМ) "персона нон грата" тізімі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, әрбір мемлекет өз аумағына кіруге тыйым салынған персона нон грата немесе шетелдік азаматтар тізімін жүргізеді. Қазақстан тарапы да бұл тәжірибені қолданады. Дегенмен, мұндай тізімдер жабық жүргізіледі және жарияланбайтыны хабарлаймыз", - делінген ведомство жауабында.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер мен елімізге қатысты теріс мәлімдемелердің назардан тыс қалмайтынын қосты. 

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Новости партнеров