Қазақстан Президенті бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші департаменті үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;
Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.