|
18.02.2019 | 12:15
10181

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы тағайындалды

В МВД представили нового советника министра и официального представителя – пресс секретаря

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы тағайындалды kaznews.kz

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкіл-баспасөз хатшысы болып Нұрділдә Ораз тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «Алматы» телеарнасының тілшісі болып бастаған. «31 арна» телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған.

2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды.

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі, ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары болды.

Айта кетерлігі, бүгін министрлікте жаңа тағайындалған кеңесші әрі Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысын таныстырған ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев оған БАҚ-пен жұмысты үйлестіру әрі ұйымдастыруда жемісті еңбек тіледі.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир