|
09.06.2019 | 12:21
1583

Алматыда зиялы қауым өкілдері өз таңдауларын жасап жатыр

Алматыда зиялы қауым өкілдері өз таңдауларын жасап жатыр

Биылғы Президент сайлауы бұрынғыларынан өзгерек болғалы тұр. Өйткені, еліміздің екінші Президентін сайлаймыз. Бүгін өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келген ақын Нұрлан Оразалин осылай деді.

Ақынның айтуынша, Алматы зиялы қауым, түрлі қоғам қайраткерлері шоғырланған қала болғандықтан ел тағдырын, мұнда мемлекеттің болашағын шешетін маңызды сәтте халық белсенділік танытып жатыр.

«Тарихи кезеңде тұрмыз. Таңдау алдында тұрмыз. Осыған дейінгі сайлаудың бәрінде мемлекетті құрған, іргемізді бекіткен, көшімізді бастап, елдің көзқарасы әбден қалыптасқан бір тұлғаға беріп келдік. Ал енді ел басқарудағы тұлғаның ауысуы, жаңа басшының келуі елді көп ойға қалдыратыны анық», – дейді ақын, жазушы Нұрлан ОРАЗАЛИН.

Сайлаудың әділ өтуін қадағалауды «Аманат» азаматтық платформасы да қолға алған.

«Сайлау учаскелерінде заң бұзушылық бар ма, басқа сайлаушылардың құқықтары қалай қорғалып жатыр, соның бәріне мониторинг жасап жатырмыз. Біз барлық сайлау учаскелерін толық қамтыдық. Әр сайлау учаскесінде біздің азаматтық платформаның өкілі бар», – дейді «Аманат» азаматтық платформасының штаб төрағасы Қазыбек ШАЙХ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир