Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның ішінде:
• Ақмола облысы бойынша – 45,9 %
• Ақтөбе облысы – 50,3%
• Алматы облысы – 47,3%
• Атырау облысы – 33,5 %
• Шығыс Қазақстан облысы – 44,8%
• Жамбыл облысы – 43,7%
• Батыс Қазақстан облысы – 26,1%
• Қарағанды облысы – 29,6%
• Қызылорда облысы – 39,3%
• Қостанай облысы – 35,5%
• Маңғыстау облысы – 29,3%
• Павлодар облысы – 36%
• ·Солтүстік Қазақстан облысы – 33,9%
• Түркістан облысы – 30%
• · Нұр-Сұлтан қаласы – 24,6%
• Алматы қаласы – 19%
• Шымкент қаласы – 24,6%.
Айта кетсек, 2015 жылы 26 сәуірде өткен Президент сайлауында сағат 12:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 41,69%-і дауыс берген.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.
Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат төрағасы Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері дауыс беріп үлгерді.