|
01.01.2020 | 12:21
7988

Мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин дүниеден озды

Белгілі саясаткер және экономист 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин дүниеден озды фото: Ц-1

Қазақстан Республикасы президенті сайлауында кандидат болған Серікболсын Әбділдин көз жұмды. Белгілі саясаткер және экономист 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің Facebook парақшасында:

«Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтіпті. Иманды болсын», - деп жазды.

Серікболсын Әбділдин – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды. 1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир