Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, енді кеңесті Асқар Мамин басқарады
«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин басқарады.
Үкімет қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды премьер-министр сайты.
«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин басқарады. Сонымен қатар қордың директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді.
Кеңес құрамынан Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов шығарылды.
Асқар Мамин 2019 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды. Ол 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Ресей үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдаған. Еңбек жолында біраз лауазымды қызмет атқарды. Әр жылдары көлік және коммуникациялар министрі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті болды. Премьер-министр болып тағайындалғанға дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.