Қазақстан Қытайдан неге 100 миллиард теңге қарыз алады – Смайылов жауап берді

Қазақстан Қытайдан неге 100 миллиард теңге қарыз алады – Смайылов жауап берді
Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 миллиард юань алуды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Қытайдан 2 миллиардтан астам юань несие алмақ. Сөйтіп, шекарада тауар мен көліктердің тұралап қалу мәселесін шешпек ниетте. Қытайдың экспорттық-импорттық банкі беретін қыруар қаржы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бір-біріне өтетін бекеттерін жаңғырту мен техниканы жаңартуға жұмсалады. Екі мемлекет арасындағы несие жайлы еліміздің Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаржы министрінің сөзінше, бес елге өтетін бекеттердегі 9 автокөлік және 1 теміржол торабы толық ретке келтірілмек. Заманауи техника қойылғаннан кейін пункттердің өткізу қабілеті 12 есеге артады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары жыл соңында басталып, 2022 жылы аяқталады.

«Осы алып отырған жеңілдетілген кредитті біз 20 жылдың ішінде юаньмен өтейтін боламыз. Бюджетке түсетін жүктеме 2 пайызға төмен болады», – деп атап өтті ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Әлихан Смайылов шекаралас елге мемлекеттік берешек жоқ, бірақ 1,2 миллиард доллар көлемінде кепілдендірілген қарызы бар деді. Бұл соманы отандық ұлттық компаниялар мен әкімдіктер түрлі мәселелерді шешуге алған. Егер олар қарыздарын өтей алмаса, мемлекет оны өз бетінше төлеп беруге кепіл берген.

«Мемлекет тарапынан Қытайдан кредит алынған жоқ. Бірақ бізде Қаржы министрлігінің берілген гарантия, кепілдері бар. 1 млрд 200 млн АҚШ доллар сомасында кепілдік қарыз бар. Ол көбінесе жолдарға және Астана қаласының жолдарына бағытталған кредиттер», – деді Әлихан СМАЙЫЛОВ.



Новости партнеров