Президент мемлекеттік хатшының өкілеттігін өзгертті

31.01.2022 18:20

2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин ҚР мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды

azh.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы қызметтерінен бөлек енді мемлекеттік хатшыға мынандай міндеттер жүктеледі:

- мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста президенттің мүддесін көздейді;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

- Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;

- «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша жұмысты үйлестіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы мына қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасының президентіне ішкі саясат саласындағы стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;

2) мемлекет басшысының атынан мемлекет басшысының мүддесін қорғайды:

- Қазақстан Республикасының парламентімен және оның палаталарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста;

халықаралық қатыныстарда;

3) мына қызметтерді үйлестіреді:

- әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша жұмыстарды: білім, ғылым, мәдениет және спорт;

- Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялардың, Азаматтық комиссиялардың жұмысын;

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын;

- Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;

- Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;

- Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия жұмысын;

- Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмысын;

- Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын;

- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын;

- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын.

4) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

5) Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.